Атыраулық ғалымдар мен студенттер Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай, ақынның туған жерінде өткен республикалық жастар форумына қатысты. Қазақстанның интеллектуалдық болашағын қалыптастырып жатқан азаматтарды біріктірген бастамаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 70-тен астам ЖОО өкілдері жиналды.