«Нашақорлыққа жол жоқ» ұранымен Атыраулық “ORTA” жастар қозғалысының мүшелері облыстық полиция департаментімен бірлесіп кіші аяқ добынан ерекше форматтағы медиа турнир өткізді. Спорттық шараға барлығы 8 команда қатысты. Турнирдің басты мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, нашақорлықтың алдын алу, сонымен қатар достық пен ынтымақтастықты арттыру болды.