Атырауда жұмыс сапарымен болған Қанат Бозымбаев батыс өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді. Жиында «Ауыл аманаты» жобасы және бюджеттік жоспарлау саласындағы реформаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Кейін вице-министр аймақтағы бірнеше маңызды нысандарды аралады.