Облыста жол көлік оқиғасы көбейген. Құзырлы орган мәліметінше, соңғы екі жылда жол апаты үш есеге өскен. Бұған көп жағдайда көлік жүргізушілерінің жылдамдықты шамадан тыс асыруы, жол үстінде смартфон пайдалануы, алкогольдік өнім пайдаланған күйде көлік басқаруы себеп екен. Толығырақ тілші тарқатады.