Атыраулық Гүлзия Бекболат тоғыз айлық сәбиінің өліміне жекеменшік балабақша қызметкерлерін кінәлайды. Айтуынша, бөбекжай мамандары баласына дұрыс қарамаған. Келіншек тіпті қызметкерлер ұлыма қол көтерді ме деп күмәнданады. Өйткені, сараптама қорытындысында нәрестінің қатты затпен ұрылғаны жазылған екен. Бір жылдан бері әділдік іздеген ана баламды өлтіргендер тиісті жаза арқалауы керек деп отыр.