Атырауда Қазақстан-Грузия форумы өтті.. Шараға екі елдің мемлекеттік құрылымдары мен бизнес қауымдастықтарының өкілдері қатысқан. Форум Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда-экономикалық, туристік, инвестициялық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталды. Екі елдің кәсіпкерлер делегациясын біріктірген шара Halyk Bank –тің қолдауымен өтті.