1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Әл-Фараби атындағы «Бином» мектеп-лицейінде ерекше іс-шара өтті. «Цветы жизни» түзету-дамыту балабақшасының ұйымдастыруымен өткен «Өзгеше өмір – ерекше өнер» атты бұл мереке балалар мен ата-аналардың, педагогтер басын біріктіріп, махаббатқа, шабыт пен балалардың шексіз мүмкіндіктеріне толы жылы атмосфера сыйлады.