Атырауда бір саусағы жұлынып кеткен оқушының анасы мектеп басшылығын кінәлайды. Сөзіне сенсек, жеті жастағы қыздың қолы денешынықтыру сабағында қараусыз жатқан спорттық құрылғыға қысылып қалған. Жеткіншектің болашағына алаңдаған әйел оқушыларды қараусыз қалдырған ұстаздар жазаланып, материалдық шығын өтелсін деп отыр. Себебі, психологиялық соққы алған бірінші сыныптың оқушысына әлі де ем-дом керек екен.