"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасына үлес қосу әр азаматтың борышы. Агроном Серік Есепов бұл пікірмен толықтай келіседі. Ол шаһардың жасыл желекпен жайқалуына үлес қосып жүр. Осыдан 5 жыл бұрын Атырауда 43 000-дай терек болса, қазір оның саны екі есе өскенін айтады. Жылына ол әріптестерімен бірге 6000-дай тал отырғызуға үлес қосады.