«Заң мен тәртіп» қағидасын студенттер терең білуі тиіс. Осы мақсатта Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті құқықтық сауаттылықты арттыруға аралған дәрістер мен кездесулерді жиі өткізеді. Бүгін Атырау қаласының прокуроры студенттермен кездесіп, жастарды толғандырған сұрақтарға тұщымды жауап берді.