Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасып, тұтасып кеткен Қазақстанның кәрістері ел жұртшылығына өзіндік бірегей де ерекше асханасымен белгілі. Сонау кеңес кезеңінен бері қазақ халқының да, жалпы қазақ елінде тұратын өзге этнос өкілдерінің де мерекелік дастарқанынан кәріс салаттарын көруге болады. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай, еліміздің тату-тәтті өмір сүріп жатқан өзге өкілдерді таныстыруды жалғастырамыз.