Қазақстанда жас таланттарға арналған бірегей музыкалық тележоба басталады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, ZHULDYZDY ZHOL 2025 – вокал, классикалық және халықтық аспаптар сияқты бағыттарды қамтитын, жас әншілерді тауып, оларды қолдауға арналған бірегей жоба. Байқауға тіркелу 5 наурыздан басталып, жобаның ресми Instagram парақшасында 25 наурызға дейін жалғаспақ. Тіркелген қатысушылар Instagram әлеуметтік желісі арқылы digital-кастинг-іріктеуден өткен соң, 1-11 сәуір аралығындағы тікелей кастингке шақырту алады. Кастинг кезінде олар кәсіби қазылар алқасының алдында өнер көрсету мүмкіндігіне ие. Әділ қазы мүшелері байқауға қатысушылардың техникалық орындауын, әртістік шеберлігін, эмоцияны жеткізуі мен репертуарын бағалайды. Іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өткен қатысушылар 2025 жылғы 26 сәуір мен 16 мамыр аралығында өтетін Алматыдағы шығармашылық лагерьге шақыру алады. Лагерьде олар шеберлік сабақтар өткізіліп, тележобаның түсіріліміне қатысады. Жалпы музыкалық байқауда 16 – 21 жас аралығындағы жастардың өз бақтарын сынауға мүмкіндіктері бар. Финал 6 шілде Алматыда өтеді. Жеңімпаздарға дипломдар, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарынан білім гранттары және халықаралық оқу орындарында білім беру стипендиялары берілмек. Сонымен қатар, жүлдегерлер ірі мәдени алаңдарда өнер көрсете алады.