«AMANAT» партиясы мен заң қызметін көрсетуші мекемелері екіжақты ынтымақтастық Меморандумына қол қойды. Осылайша әріптестік беки түспек. Бұдан былай, тұрғындар заң жүзінде тегін көмек ала алады. Нақтырақ айтсақ, «Құқықтық көмек» партиялық жобасын жүзеге асыру мақсатында бірнеше ұйым өкілдері маңызды құжат шеңберінде бірнеше жобаларды қолға алмақ. Айта кетейік, Ынтымақтастық Меморандумы бұған дейін 2019 жылы жасалған еді. Нәтижесінде 2023 жылы заңгер, нотариус, адвокат, медиатор және сот орындаушыларымен бірге 35 қабылдауда 152 азаматқа , ал өткен жылы 38 қабылдауда 310 жеке тұлғаға тегін құқықтық көмек көрсеткен.