Аймақта үстел теннисі спортының жағдайы мәз емес. Арнайы жаттығу залы да, жаттықтырушы да жетіспейді. Өңірде шапшаңдыққа баулитын осы спорт түріне қызығатын жастардың қарасы көп. ҚР үстел теннисі федерациясының вице-президенті Елсияр Қанағатовпен өткен жиында үстел теннисін дамыту мәселелері қозғалды.