«Алаша Аламаны» атты республикалық фестивалі мен қолөнер бұйымдарының көрмесі аяқталды. Халықтың мәдени өмірін айшықтап, салт дәстүрді жаңғыртуға арналған бірегей жобаға 150-ден астам адам қатысып, оның ішінде 35 қатысушы Республикаға жолдама алды. Солардың бірі Жұмагүл Дюсемалиева. Ол байқауға 3 түрлі алаша әкеліп, тоқудың жаңа түрімен бөліскен. Атадан балаға мирас боп келе жатқан ұлттық құндылығымызды ұрпақ жадында жаңғырту үшін мұндай фестиваль дәстүрлі түрде өткізілу керек дейді қатысушы.