22 желтоқсан елімізде мұрағатшылар күні. Бұл мейрам 2020 жылдан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен аталып өтіп жатыр. Осы айтулы күнге орай, шаһарда мәдениет пен мұрағат ісінің ілгерілеуі жолында бел жазбай еңбек етіп жүрген мамандар марапатталды. Игі шараға облыс әкімі орынбасары мен аппарат басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы арнайы қатысып, кәсіби мереке иелеріне ілтипат білдірді.