Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов Швейцария конфедерациясы елшісінін, орынбасары Тобиас Вердер және халықаралық, көші-қон ұйымы БҰҰ Көші-қон агенттігінін, Қазақстандағы Миссиясының басшысы, Орта Азия бойынша үйлестірушісі Серхан Актопракпен кездесті. Қос тарап жиында басқа мемлекетте жұмыс істегісі келетіндерге қызмет көрсетуге бағытталған ХКҚҰ-ның (Халықаралық көші-қон жөніндегі ұйым), «Алдын ала даярлық орталығы» жобасын талқылады. ХККҰ Қазақстандағы Миссиясының басшысы Серхан Актопрак бұл жобаның жұмыссыздықты азайтуға, серіктестікті нығайтуға және дүниежүзілік миграциялық қозғалыстарға септігі мол екенін

атап өтті. Серік Шапкенов ХКҚҰ-мен өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты. Осы ретте өңірде халықты жұмыспен қамту мәселесі өзекті екенін айтып, жобаны Атырауда пилоттық негізде бастауға мүдделі екенін жеткізді.

Анықтама үшін: Атырау облысының 1000-нан астам азаматы Ресей, Катар, БАЭ, Онтүстік Корея,

Венгрия, Чехия сынды өзге мемлекеттерде еңбек етіп жүр.