Атыраудағы білім беру ұйымдарының бастауыш сынып оқушылары мектепке үнемі ұлттық киіммен келеді. Кәжекей, тақия, шашбау олардың күнделікті формасы. Салт-дәстүрге деген қызығушылығын ерте оятуды мақсат еткен білім ордасы балаларға бата беруді де үйретеді екен. Оқушылар бір-біріне күнде бата беруді әдетке айналдырған.