Бүгін Атырауда "жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алудағы вакцинацияның маңызы" тақырыбында семинар-кеңес өтті. Облыстың денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған жиынға өңірдегі мектептердің директорлары мен медбикелері, медициналық мекемелердің басшылары қатысты.