Ақпараттық-құқықтық кеңес беру орталығы 10 айда мыңнан азаматқа тегін кеңес берген. Бұған қоса, дәм-тұзы жараспай ажырасуға дейін барған 60-тан аса отбасын татуластырыпты. Бұл туралы "Құқықтық кеңес және қоғам: өзекті мәселелер мен шешу жолдары" атты дөңгелек үстелде айтылды. Жиынға ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова,қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов және орталық мамандары қатысты.