Қарағанды облысының 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған республикалық турнирде Атыраулық спортшылар топ жарды. Ардагерлер арасында өткен сайыста қатысушылар дзюдо, самбо және қазақша күрестен сынға түсті. Арқа төрінде атой салған спортшыларды теміржол вокзалынан жақындары мен жанкүйерлері күтіп алды.