Индерде "Әйелдің рухани дамуы" тақырыбы аясында семинар-тренинг өткізілді. Әр түрлі салада қажырлы еңбек етіп, жетістікке жеткен кәсіби мамандар жиналған қыз-келіншектерге түрлі тақырып та әңгіме өрбітті. Әрі олардың қоғамдағы рөлі, отбасындағы мақсат міндеттері,қаржылық сауаттылықты арттыру тетіктері турасында ақпараттармен бөлісті.