Аймақта есірткі саудасы қызып тұр. Әсіресе, жасөспірімдердің зиянды препараттарға тәуелділігі алаңдатады. Қазір құзырлы орган тосқауыл қою мақсатында бақылауды күшейткен. Мәселен, былтыр кәмелетке толмағандардың мұндай қылмысқа араласуы 50 пайызға өскен. Бұл туралы қала әкімдігі және прокуратурасының бірлескен түсіндірме жұмысы кезінде айтылды.