Биыл III Даңқ орденінің иегері, ержүрек барлаушы Шүкір Еркіновтың туғанына 100 жыл. 18 жасында әскерге аттанып, 25 жасында өмірден өткен ердің аты өлмек емес. Биыл батырдың мерейтойында туған жері Қызылқоға ауданында мектеп жанынан музей бөлмесі ашылады. Бұдан бөлек облыстық ақындар байқауы, түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Мұның бәрі - Жеңістің салтанат құруы үшін кеудесін оққа тосқан тұлға есімін қазіргі ұрпаққа таныту мақсатында жасалмақ.