Махамбет ауданында да жалпыреспубликалық референдум жоғары деңгейде өтіп жатыр. Ауданда орналасқан 14 елді мекендегі 18 референдум учаскесінде тұрғындардың таңдау жасауына бар мүмкіндік жасалған. Дауыс берушілерге 110 комиссия мүшесі қызмет көрсетіп жүр.