Реферндум күні қалалық перзентханада таңертеңгі сағат 8-ге дейінгі уақыт бойынша 10 нәресте дүние есігін ашты. Тарихи сәтте іңгәләп, өмірге келген шақалақтардың 10-ы қыз болса, 1-і ұл. Ақ халаттылардың сөзінше, аналармен балалардың жағдайы бір қалыпты. Орталықтағы елдік жолында ашылған №80-ші жабық референдум учаскесіне 85 ана тіркелген. Мұнда денсаулығын қадағалаудан өткізіп, ай күні жақындаған келіншектер дауыс беруде.