Кішкентай ауыл тұрғындарының ыстық ықыласы, бозбала шақ пен алғашқы махаббат. Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театры су жаңа туындысын көрермен назарына ұсынды. Қойылым уайымсыз балалық пен ауыл халқының сан қырлы ғұмырын баяндайды. Өнер ұжымы спектакльге 1 ай дайындалған.