Қала аумағындағы жаға бекіту жұмыстарына аудан тұрғындары мен еріктілері де белсенді ат салысуда. Қапшық көтеріп, қолына күрек алған еріктілер «күшіміз бірлікте» деген ұранмен білек сыбана жұмысқа кіріскен. Атырау-Доссор тас жолы бойындағы Соколок каналындағы бекіту жұмыстарымен әріптесім Гаухар Нұрлыбекқызы танысып қайтты.