СОЛТҮСТІК АЙНАЛМА ЖОЛЫ 2027 ЖЫЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Атырауда Солтүстік айналма автомобиль жолының құрылысы жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы 27,5 шақырым болатын жол 2027 жылдың соңына дейін толық аяқталуы тиіс. Жаңа магистраль қаладағы көлік қозғалысын жеңілдетіп, транзиттік және ауыр жүк көліктерін шаһар сыртына шығаруға мүмкіндік береді. Жолдың құрылыс барысын әріптесім Лаура Кисметова көріп қайтты.