АТЫРАУЛЫҚ СПОРТШЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНАН КҮМІСПЕН ОРАЛДЫ
Атыраулық су добы шебері Егор Белоусов Азия ойындарынан күміс жүлдемен оралды. Жапонияда өткен ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстанның ерлер құрамасы финалға дейін жетіп, жарысты екінші орынмен аяқтады. Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен жерлесіміз де команда құрамында өнер көрсетті. Бүгін спортшыны достары мен туған-туыстары әуежайдан күтіп алды.