БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР: ҰСТАЗДАР ПІКІР АЛМАСТЫ
Қала және аудандардан жиналған ұстаздар білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. «Әділет» партиясы ұйымдастырған «Ұстаз айтса» диалог алаңында педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, цифрландыру мен жасанды интеллектіні оқу үдерісінде тиімді қолдану жолдарын сөз етті. Жиынға партия филиалының төрағасы, облыстық білім беру басқармасының басшысы, ардагер ұстаздар мен педагогтер қатысты.