ҚҰРМАНҒАЗЫДА ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Құрманғазы ауданында педагогтерге арналған «Ұстаз – ұлт шамшырағы» атты салтанатты шара өтті. Жиында білім саласына үлес қосып жүрген ұстаздарға құрмет көрсетілді. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Марат Хасанов педагогтерді құттықтап, 51 мұғалімге түрлі деңгейдегі марапаттар табысталды.