САЯБАҚТАРДЫ ЖАҢАРТУҒА 7 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК
Атыраудағы «Тұрғын үй қалашығы» шағын ауданындағы бес қоғамдық кеңістік пен жағалауды абаттандыру жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны 7 миллиард 137 миллион теңгеге бағаланған. Бұл мәселе облыстық мәслихаттың кезектен тыс 26-сессиясында талқыланды. Жиында депутаттар жобаның тиімділігіне қатысты пікір білдіріп, қаладағы өзге де өзекті мәселелерді көтерді. Бірі бастаманы қолдаса, енді бірі қаржының жұмсалуына қатысты сауалдарын ортаға салды. Толығырақ сюжеттен көрейік.