ЖАСТАРҒА ЗАҢ МЕН ТӘРТІПТІҢ ҚАҒИДАТЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
«Тәртіпті елдің тұғыры биік». Осындай атаумен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында колледж студенттерімен кездесу өтті. Жиынға 100-ге жуық жас қатысты. Басқосуда спорт саласының өкілдері жастармен заңға құрмет, азаматтық жауапкершілік және салауатты өмір салты туралы пікір алмасты.