СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІ АРТҚАН
Облыста 6 мыңнан астам адам онкологиялық есепте тұр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9,9 пайызға жоғары. Ауру түрлері арасында сүт безінің қатерлі ісігі бірінші орында. Дәрігерлер дертті ерте анықтауда скринингтік тексерулердің маңызы зор екенін айтады. Өңірде қатерлі ісіктің алдын алу және оны ерте анықтау бағытында қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Әріптесім Индира Мерекенқызы айтып береді.