Театр күнін орыс халық театрының ұжымы да атап өтті. Іс-шараны театр режиссері Павел Скоренко ұйымдастырды. Ол алдымен көрермендерді шәкірттерімен таныстырды. Кейін өнер ұжымы өлең жолдарын оқып, актерлік шеберліктерін ортаға салды. Сонымен қатар әртістер өздерінің өнер жолындағы тәжірибелерімен, қызықты оқиғаларымен бөлісті.