Өткен жылдан бері облыс орталығында ойын және футбол алаңдарын абаттандыру мақсатында «100 аула» жобасы жүзеге асырылуда. Айта кету керек, бұл жоба көпқабатты үйлердің пәтер иелері мен жеке сектордың ұсыныстарына сәйкес іске асып жатыр. Қала тұрғындарының айтуынша, кейбір нысандар мүлдем жаңартылмаған, ал бұзылған құрылымдар балалардың денсаулығына қауіп төндіреді. Мән-жаймен әріптесім Аружан Эркинбек танысып қайтты.