Бүгін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Шараға 40-қа жуық журналист қатысты. Кездесу «галстуксыз», яғни еркін форматта өткенін атап кету керек. Жиында ақпарат айданында қалам тербеген журналистер өңірдегі шешімін таппай жатқан өзекті мәселелерді көтерді. Көкейкесті сауалдардың ішінде денсаулық сақтау саласын дамыту, оңалту орталықтарын салу, тұрғын үй құрылысының мерзімінде аяқталуы, таза ауыз сумен қамту, туризмді дамыту, сапалы білім беру сынды мәселелер бар. Облыс әкімі жиында айтылған ұсыныс-пікірлер қаперге алынып, оларды шешу жолдары қарастырылатынын айтты.