Атырауда сайлау учаскелерінде келушілер үшін концерттік бағдарлама мен спорттық ойындар ұйымдастырылды. Іс-шараға қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйытқы болып отыр. Концерттік бағдарламада ән айтылып, күй тартылумен қатар, ата дәстүр ұлықталып, түрлі спорттық ойындардан, жарыстар өтті. Ұлттық киімдегі қыз-жігіттер мерекені тамашалауға келген көпшілікке наурыз көже мен тәтті тоқаштар ұсынды.