Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Мақат ауданына жұмыс сапарымен барып, Бәйгетөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Алдымен округте атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасалды. Кейін ауыл тұрғындарының мәселесі тыңдалды. Олардың айтуынша, ауылда инженерлік инфрақұрылым мәселесі өзекті.