Өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңындағы елді мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктеге елді мекен ішіне кіруге мүмкіндік жоқ. Сол себепті Дамбы ,Балауса елді мекені-Авангард. Бесікті, Бірлік ықшам ауданы, Ақжар 2 ауылы, Алмалы - Дина базары бағыты бойынша жүретін яғни №53, 54, 55, 58, 64, бағыттындағы қоғамдық көліктер кеше өз жұмысын кешкі 17:00 де тоқтатқан болатын. Ал бүгін осы 5 бағытқа қатынайтын автобус әлі де жолға шыққан жоқ. «Смарт-Атырау» мекемесі директорының орынбасары Болат Халидолланың айтуы бойынша, қалаға жақын орналасқан елді мекендерге баратын 31 қоғамдық көлік жолаушы тасымалын атқарып жатыр. Қазір қала ішінде 16 бағыт, ал қала сыртына 15 бағыт бойынша автобустар қатынауда. Жалпы, облыс бойынша 200 бірлік автобус бар.