Биыл 3 мыңға жуық атыраулық Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы курорттық шипажайға тегін жолдама алды. Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арнаулы қызмет көрсету бөлімінің басшысы мәлімдеді. Құралай Тілеумағамбетованың сөзінше, облыс әкімдігінің қолдауымен биыл 1 топтағы мүгедектер мен ерекше балалардың жеке көмекшілеріне 55 АЕК көлемінде 14 күнге сауықтыру оталығына жолдама берілді. Әлеуметтік қызметтер порталынан мүгедектігі бар барлық топтағы азаматтар өздерінің электронды цифрлық қолтаңбалары арқылы үйден шықпай-ақ жолдама алуға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ қалалық, аудандық жұмыспен қамту бөлімдерінде, округтерде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарындағы мамандардың көмегімен ала алады, деді А.Мәмбетов.