Қаралы хабар. «Atyray» телеарнасы жаңалық қызметінде 2015-2019 жылдары аралығында диктор болып, көрермен көзайымына айналған Динара Нұрмолдина өмірден өтті. Ол 1991 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында дүниеге келген. Мамандығы басқа сала болса да өзінің ерекше қабілетімен, дауыс мәнерімен өзгешеленген ол  телеарнаның айнасы болды. Күнделікті журналист әріптестері дайындаған ақпаратты көрерменге шебер жеткізетін. Бүгінде ұжымдастары оның байсалды, сабырлы, әрі позитивті көңіл-күймен жүретінін қимай еске алады. 32 жасқа қараған шағында ауыр науқастан өмірден озған Динараның бейнесі телеарна көрерменінің   есінде сақталатыны сөзсіз. Қайғылы қазаға орай "Атырау" телеарнасы ұжымы ата-анасы мен барша ағайын тумасына қайғырып көңіл айтады.