Атырауда азық-түлік тапшылығы болмайды. Тұрақтандыру қорында қазір 9000 тонна әлеуметтік маңызы бар өнімдер сақтаулы.  Былтыр ол үшін бюджеттен 240 млн теңге қаржы бөлінген. Әлеуметтік маңызы бар тауар өнімдері көктем айының соңына дейін жетеді. Айтпақшы, өзекті тақырыпты Мемлекет басшысы бүгінгі мәжіліс отырысында да талқылады. Мәселен, биыл астық мөлшерін екі есеге ұлғайту жоспараланып отыр.