Сүйінші жаңалық! Бүгін Атырау радиосының "Efirde 102.0 FM " телерадиохабары "Үркер" ұлттық сыйлығының жеңімпазы атанды. Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы ұлттық бәйгеге төл арна ұжымы бірінші мәрте қатысқанды. Еңбек еленді, жүлдеге үмітті кіл мықтының ішінен топ жарған радио ұжымы үздік болды.