Бүгін -  Қазақ телевизиясының көрнекті ардагері, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Қажы Қорғановтың туған күні. Телеарнада 40 жылға жуық қызмет істеген жан 80-ді еңсеріп отыр. Ол сол кездегі  ең танымал, маңдайалды дикторлардың бірі. Жампоз тележурналист ретінде де оның «Бір хаттың ізімен» телеэкспедициясы, «Үш бәйтерек» телехикаяты, «Киіз үй», «Төрт түліктің төресі» атты бейнефильмдері алтын қорда сақтаулы.  Астаналық әріптесіміз Назерке Бурхан "Құрмет белгісі" ордені иегерін телеарна ұжымы атынан  мерейтойымен құттықтап келді.