Хабарымызды жалғастырамыз. Қызметіне жаңадан кіріскен Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев бір топ ардагерлермен және  ауданның Құрметті азаматтарымен кездесті. Дөңгелек стол басына жиналған қазыналы қарттар өлке тарихынан сыр шертті. Аудан тұрғындарының ахуалын айтты. Жиында сөз алған жас әкім ел басқаруда, қоғамдағы атқарылатын түрлі шаруалар да аға буынға арқа сүйетінін, олардың ақыл - парасаты әлі де жас ұрпақ үшін маңызды екенін алға тартты. Сондай-ақ, әкім алдағы уақытта ауданда өндірісті дамыту  одан әрі жолға қойылатынын, мемлекет басшысының тапсырмасына сай кооперативтер құру жалғасатынцын, мал - балық шаруашылықтарының өнімділігін арттыруға бет бұрыс болатынын айтты.  Биыл жасалатын жұмыстардың жоспарын таныстырды.