Биылдан бастап еңбек заңнамасына бірқатар маңызды өзгерістер күшіне енеді. Еңбек кодексіне енгізілетін жаңа түзетулердің басты мақсаты - қызметкерлердің құқықтарын қорғауды күшейту.Енді заң деңгейінде жұмысшының ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу қағидаты бекітілмек. Сондай-ақ қызметкердің жеке өмірі де толықтай заңмен қорғалатын болады.