Исатай ауданынан шыққан жас таланттар халықаралық сахнада ел абыройын асқақтатты. Франция астанасы Париж қаласында өткен 36-шы фестиваль-байқауда «Әсемай» тобы бас жүлдені иеленді. Бүгін байқау жеңімпаздарын облыстық білім беру басқармасының өкілдері, жақындары мен достары теміржол вокзалынан салтанатты түрде қарсы алды.