СТОМАТОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қазақстанда балаларға көрсетілетін стоматологиялық көмектің 44 %-дан астамы шұғыл жағдайларға тиесілі. Бұл тіс ауруларының алдын алу мен ерте диагностикалауды күшейту қажеттігін көрсетеді. Мәселе өңірде өткен республикалық конференцияда талқыланды.
Жиынға еліміздің жетекші стоматологтары қатысып, саладағы өзекті мәселелерді ортаға салды. Сондай-ақ медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жолдарын қарастырды.